Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алдағы 3-6 айда теңге 450-480-ге дейін нығаюы мүмкін

Алдағы 3-6 айда теңге 450-480-ге дейін нығаюы мүмкін

«Ренессанс Капитал» сарапшылары алдағы 3-6 айда теңгенің долларға шаққандағы бағамы 450-480 теңгеге дейін нығаюы мүмкін деп болжады, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Біз 3-6 ай ішінде теңгенің $1 үшін 450-480 теңгеге дейін нығаюын күтеміз» , - деп жазылған агенттік хабарламасында.

Сарапшылар 23 ақпаннан бері теңгенің құны 15%-ға төмендегенін, әйтсе де 36%-ға арзандаған ресейлік рубльге қарағанда нығайғанын айтты.

«Ренессанс Капитал» сарапшылары 2022-2023 жылдары теңгенің нығаюына әсере ететін бірқатар факторларды атап өтті.

«Әлемдік шикізаттық серпіліс пен мұнай өндірудің қалпына келуі сауда балансы мен ағымдағы шоттың профицитін 2022 жылы ЖІӨ-нің 23% және 5% дейін жеткізуі керек. Бұл теңге 1 доллар үшін 150 теңгеден саудаланған 2011 жылғы деңгейге жақын», - делінген хабарламада.

Теңгенің нығаюына көрші мемлекетке енгізілген санкциялар нәтижесінде Қазақстан арқылы Ресейге/Ресейден тауар айналымының қайта бөлінуі де ықпал етуі мүмкін.

Сондай-ақ, қазақстандық валютаға Қазақстанның сыртқы саудасының 18%-ын құрайтын Қытаймен сауда-қаржылық қатынастардың нығаюы да оң әсер етуі ықтимал.

«Сонымен қатар, ресейлік инвесторлардың ағыны да ұлттық валютаға ықпал етеді», деп болжайды сарапшылар.

«Ренессанс Капитал» деген не? Оқу үшін сілтемені басыңыз
→ Ренессанс Капитал туралы

Похожие материалы