Алматы. 31 тамыз. 7kun.kz – Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 1 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Көшпелі бұлт пен құрғақ ауа райы күтіп тұр. Тек республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ел аумағында жел күшейеді», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Атыраудың батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, Абай, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +32...+34°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +29...+31°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +33...+35°С.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024