Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Алдағы сайлау президенттің ең дұрыс саяси шешімдерінің бірі» – Әділғазы Қайырбеков

«Алдағы сайлау президенттің ең дұрыс саяси шешімдерінің бірі» – Әділғазы Қайырбеков

Алматы. 1 қазан. 7kun.kz – Белгілі ақын Әділғазы Қайырбеков 20 қарашада өтетін кезектес тыс президент сайлауын өткізу ел игілігі үшін қабылданған бірден-бір дұрыс шешім екенін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Алдағы келе жатқан сайлау – Президенттің ұсынған жаңа саяси бағдарламаларының ішінде өте дұрыс шешімдерінің бірі. Өйткені ұзақ жылдар бойы мемлекетті басқару – бір адамның шексіз билігін қамтамасыз етеді. Осындай бір шектеулер арқылы билік басына келген адам 7 жылдық ішінде өзі ұсынған бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Егер осы уақыт ішінде Президент өзі ұсынған бастамаларын толық орындай алса, ол ел алдындағы, ұлт алдындағы жауапкершілігін атқара білгені» – деді ақын.

Оның айтуынша, президент өкілеттігінің шектеулі мерзім болғаны ел үшін құптарлық шешім.

«Мынадай күрделі ахуал тұсында ел алдында бірнеше күрделі мәселелер тұр: экономикалық, әлеуметтік  дағдарыстан шыға білу қажет. Соның бәрін түбегейлі шешіп, жүзеге асыру үшін адамға уақыт керек. Ал ол уақыт көп болмауы тиіс. Белгілі бір мерзімге ғана сайланғаны жөн. Президент осыны ойлап отыр. Ол өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін осындай қадамға барып отыр деп ойлаймын. Бұл адамға үлкен жауапкершілікті сезіндіреді. Адамға өзінің  бар күш-қайратын, жігерін, білімін, ұлттық, елдік мұратын жүзеге асыратын осындай бір шектеулі кезеңдер қажет», – деді Қайырбеков.

Похожие материалы