Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz - Бүгінгі қатты жауын салдарынан 15.00 шамасында «112» және «109» желісіне Райымбек 234 мекен-жайындағы ауланы, Айтиев көшесіндегі 8 және 6 үйлердің жертөлесін су басқаны туралы ақпарат келіп түскен.
Қала көшелерінің кейбір аумағында су толғаны байқалады. Алматы қалалық әкімдігінің хабарлауынша бүгін түнде де қатты жаңбыр жауады, алдағы үш тәулік ішінде үзіліспен жауын-шашын болады.
Су басудың алдын алу және жою мақсатында мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Суды кедергісіз ағызу және сорып алуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін жалпы саны 609 адам, 252 бірлік арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды. Құм салынған 2050 қап дайындалған.
Қалалық абаттандыру қызметтері су басуды жою үшін бітелген учаскелерді тазалау бойынша жұмыстар жүргізуде.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024