«Сбербанк Қазақстан» АҚ ЕБ Басқарма төрғасы enpi.kz сайтына «банк тек нарықпен ғана жұмыс істеуі керек», деген ұстанымы туралы айтып берді.
— Қазақстандағы «Сбербанктің» еншілесін қаржыландыру көздері қандай?
—Нарық. Тек қана нарық. Мемлекеттен ақша алмаймыз.
—Яғни, депозит нарығы банктің кредиттік ресурстар бойынша қажеттілігін толық өтеп отыр ма?
-Артығымен.
— Сбербанк Қазақстан БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын депозит түрінде алған ТОП-5 банктің бірі. Бұл қаражат қайта бағытталды?
— 2014 жылы банк саласындағы дағдарыс уақытында біз БЖЗҚ-ның депозиттерін тарттық. 2015-2017 жылдары оның басым бөлігі жабылды. 2014 жылдан қазірге дейін банкте 50 млрд теңгенің депозиті жинақталған. Бұл қаражат БЖЗҚ салымшыларына ғана инвестициялық кіріс әкеліп отырған жоқ. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасына тиімді жұмыс істейді. Атап айтқанда, машина жасау мен сауда саласындағы жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.
— Яғни, банк алдағы уақытта БЗЖҚ қаражатын пайдаланбайды
— Соңғы 3 жылда біз БЖЗҚ-дан қаражат тартқан жоқпыз. Бұл принцптік ұстаным. Біз мемлекеттік және зейнетақы қаражатын алмаймыз. Иә, біз мемелекеттік бағдарламаларға қатысамыз, ол бойынша пайыздық сыйақыларды клиенттер алады. Қаржы тартуға қатыспаймыз.
— Банктің ішкі нарықта облигация орналастыру жоспары бар ма?
—Жоқ. Біз тек нарықта өмір сүруіміз керек деп шештік. Ресейдегі Сбербанк те осындай ұстанымда. Қаржы тарту бойынша нарықтан тыс шешімдерді жасамаймыз.
— Болашақ зейнеткерлер посткеңестік кездегі зейнеткерлерге қарағанда айырмашылығы болады. Мысалы, барлығында ұялы телефон, жинақ қаражаты, түрлі активтер бар. Олармен қалай жұмыс істейсіздер?
- Экономика қоғамды өзгертеді. Қазір біз кеңселерімізді заманауи бағытқа ауыстырып жатырмыз. Экономиканы жақсартып, клиент өзімен-өзі отырып, қажетті операцияларды жасауы үшін жеке коворкингтік аймақ қалыптастырамыз. Жалпы алғанда, біз клиенттің жасына қарамастан, онлайн режимде барлық операцияларды жасай алуына жағдай жасауды басты бағыт ретінде қарастырамыз.
— Банк белсенді түрде цифрлық технологияларды, сонымен қатар, жаңа үйге ипотека сияқты дәстүрлі банктік өнімдерді де дамытып отыр. 2017 жылы банк ипотека рәсімдеуге болатын құрылысшылармен серіктестік саны жағынан абсолютті көшбасшы болды.
— Біз құрылыс компанияларымен белсенді жұмыс істей бастадық, тіпті сынақ түрінде BI Group компаниясында операциялық касса аштық. Сатып алушы үй салушыға пәтер таңдауға келген кезде бірден Сбербанктен ипотека бойынша бірнеше нұсқада ұсыныс алады.
Қазір бірнеше мәселе бар. Бірінші, бірінші санатты үйлер нарығындағы операциялардың көпшілігі қолма-қол жасалады. Екінші, қазақстандықтар әлі де доллармен есеп айырысады.
Біздің мақсат - қазір клиенттер тұрғын үй салушының шоу-румына келгенде сатып алушы қолма-қол операциядан бас тартып немесе кредит бойынша нақты шешімді біліп шығуын қамтамасыз ету. Көпеген қызметтерді дамытып, оларды жылдамдату үшін мәліметтер базасын мемелкеттік деңгейде біріктіру керек.
Біздің мақсат – қазақстандықтарға биометрикалық мәліметтерді қолдана отырып, жетекші технологиялардың деңгейіндегі қызметті көрсету. Егер Қазақстан Индиядағыдай мемлекеттік биометрикалық мәліметтер базасын жасақтаса, барлық жағынан өте ауқымды көлемде уақыт үнемдеуші еді. Бұл бағытта бізде мемлекетпен өзара түсіністік бар, бірге жұмыс жасау ниеті де бар. Қазір уақыт өте маңызды ресурс. Қазір анықтама алу үшін кезекке ешкімнің тұрғысы келмейді.