Астана. 25 қараша. 7kun.kz - Алексей Ни aуыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.
Алексей Нидің қызметтен кетуінің басқа себептері әзірге белгісіз.
Федерацияның баспасөз қызметі оның ұлттық құраманы 1994 жылдан бері басқарып келе жатқанын атап өтті. Оның жетекшілігімен қазақстандық командалар алты Олимпиада ойынына қатысты.
Айта кетейік осы жылдың маусым айында Қазақстанда допинг дауы басталды. Допинг бойынша тексеруден кейін қазақстандық ауыр атлеттердің қан құрамынан тыйым салынған препараттар табылған болатын. Салдарынан Халықаралық Олимпиада комитеті Илья Илиннің Пекин және Лондон олимпиадасындағы алтын медальдарын және Майя Манеза, Зульфия Чиншанло мен Светлана Подобедованың Лондондағы алтын медальдарын кері қайтарды.
Ал бас жаттықтырушы Алексей Ни болса жанжалға қарамастан отставкаға кетуді жоспарламайтынын айтқан.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024