Еліміздегі жетекші банктердің бірі - Kaspi «Қаһармандар Kaspi-мен бірге» бірегей науқанын жалғастырады. Бұл жолы банк ұсынған кейіпкер – әйелдер арасындағы бокстан тұңғыш қазақстандық әлем чемпионы Назым Қызайбай.
«Біз өзіміздің жаңа кейіпкеріміз Назым Қызайбайды қуана таныстырмақпыз, – дейді Kaspi Bank-тің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Назым өз сара жолын таңдады, еш нәрсеге қарамастан, әйелдер арасындағы бокстан тұңғыш қазақстандық әлем чемпионы атанды. Назымның жетістіктері мен жүріп өткен жолы әрқайсымызды биік мақсаттар мен жетістіктерге қол жеткізуге шабыт береді деп үміттенеміз».
Еске сала кетейік аталған жарнамалық науқанға әлемнің барлық ірі шөл далаларын жүгіріп өткен белгілі марафоншы Марат Жыланбаев, 16 жылдан бері 350 баланы тәрбиелеп өсірген ана Тұяқ Есқожина, әлемнің ең биік 14 шыңын бағындырған альпинист Мақсұт Жұмаев қатысқан еді.
Науқан аясында БАҚ арқылы роликтер ұсынылып, кейіпкермен кездесулер өткізіледі. Мұндағы мақсат– қажырлы еңбегі мен алға ұмтылуға деген құлшынысының арқасында керемет жетістіктерге жеткен қарапайым қазақстандықтар жайлы әңгімелеу.
«Менің жетістігімнің құпиясы мынада – мен әдеттегі жолмен жүрмедім, – дейді жаңа кейіпкер Назым Қызайбай. – Мен өз таңдауымды жасап, арманымның жетегіне ердім. Менің әрбір жаңа күресім – бірінші кезекте көлеңкемен, өзіммен жекпе-жек болып табылады. Әр жеңістің артында қарқынды жаттығулар мен өзімді ұдайы дамыту тұр».
Аталған жарнамалық науқан аясында Назым Қызайбайдың қатысуымен түсірілген роликті мына жерден көруге болады: https://kaspi.kz/hero/Nazym.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024