Әлемде 30 млн доллардан жоғары активтерге иелік еткен адамдардың саны 2015 жылы 3%-ға түсіп, 187 мың болды. Knight Frank брокерлік компаниясының есебіне сәйкес, миллионерлердің алғаш рет қысқаруы 2008 жылы тіркелген.
Көптеген ауқатты азаматтар өткен жылғы қор нарығының құлдырауы себепті шығынға батқан. 2015 жылы мұнай бағасының шамадан тыс төмендеуі Таяу Шығыс пен Африкадағы мультимиллионерлердің санының қысқаруына әкелді.
Бразилияда байлардың саны 2015 жылы 12%-ға, в Сауд Арабиясында - 8%, Ресейде -5%, АҚШ-та - 2%, Қытайда - 1%-ға қысқарған.
Солтүстік Америкада қаржылық жағдайы 30 млн доллардан асатын 69,3 мыңға жуық адам бар. Еуропада - 46,2 мың, Азияда - 41,1 мың. Ал Азия елдері алдағы он жылда екінші сатыға көтеріледі деп болжануда.
Knight Frank сарапшылары 2025 жылға дейін мультимиллионерлердің саны 41%-ға өседі деген пікір айтуда. Соңғы он жылда до 2025 года әлемдегі ауқаттылардың саны 61%-ға өскен.
Сондай-ақ, 2015 жылы миллионерлер жылжымайтын мұлікке 178 млрд доллар инвестициялаған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024