Алматы. 1 қыркүйек. 7kun.kz - Алматыда «Альфа банк» ЕБ АҚ тонаған деп айыпталушыларға қатысты сот басталды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының ақпараттық қамту бөлімінің басшысы Дияс Махамбетов хабарлады.
«Бескишкин Максим мен Жуков Иванға қатысты іс қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотқа келіп түсті. Оларға ҚР ҚК 192 бабы 4 бөлімі бойынша (тонау) айып тағылды. Басты сот отырысы 29 тамызда болған», - деді Д. Махамбетов.
Оның айтуынша, басты сот отырысы барысында сотталушылардан жауап алынды, сосын айыпталушылардың қорғаушысы қосымша куәгерден жауап алу туралы өтініш берген. Соған байланысты сот отырысы 7 қыркүйекке ауыстырылған. Хабарда айтылғандай, қылмыстық іс 3 томнан тұрады.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда «Арай» ТК –дегі «Альфа банк» ЕБ АҚ тоналғанын және күдіктілердің банк қызметкерлері болып шыққанын хабарлағанбыз.
Дереккөз: kaztaq
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024