Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Алғабастағы» апатты үй сүріледі

«Алғабастағы» апатты үй сүріледі

Алматы. 3 маусым. 7kun.kz - Алматыдағы «Алғабас» мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үй тұруға жарамсыз деп танылып, жақын арада сүріледі деп жазады Zakon.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұл үй Алатау ауданы, «Алғабас-6» мөлтек ауданында орналасқан. Көпқабатты тұрғын үйде 72 пәтер бар. Үйді салған бас мердігер – «НСК Астана Құрылыс» АҚ, жобаны іске асырған «Архспецстройпроект» ЖШС. Үй «Қолжетімді баспана -  2020» бағдарламасында кезекте тұрған азаматтарға берілген болатын, ал құрылыс республикалық бюджеттен қаржыландырылған. Бұған дейін үйдің батыс бөлігі 32 см жантайғаны туралы айтылған еді. Нәтижесінде мердігерге 200 адамды қауіпсіз жерге көшіріп, оларды қонақ үйге орналастырып, тегін тамақпен қамтамасыз ету міндеттелген болатын.

Похожие материалы