Alibaba Group компаниясы бұлтты технологияға 1 млрд доллар инвестиция салмақшы. Қаржы осы технологияға негізделетін Aliyun бөлімін дамытуға жұмсалады. Қытайлық интернет-алпауыт америкалық Amazon-мен бәсекелесуге ниеттеніп отыр.
Reuters ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, әлемдік бұлтты нарық 20 млрд деп бағаланып отыр және Alibaba бұдан қалыс қалғысы келмейді. Компанияның инвестициялары Сингапур, Жапония, Еуропа және Таяу Шығыстағы жаңа дата-орталықтарын ашуға бөлінеді. Сондай-ақ, бұл аймақтарда телекоммуникациялық операторлар және ұжымдық тапсырыс берушілермен тығыз қарым-қатынас орнату жоспарланып отыр. Aliyun президенті Саймон Худың атап өтуінше, соңғы 6 жылда компания тек қытайлық нарыққа көңіл бөлді. Қазір ол технологиялық жағынан дамып, әлемдік Amazon, Microsoft және IBM тәрізді көшбасшылармен бәсекеге түсе алатындай деңгейге жетті. "Біз алдағы 4 жылда Amazon-ды клиенттер, технология және бизнес көлемі жөнінен қуып жетуді жоспарлап отырмыз. Amazon, Microsoft және басқалар АҚШ пен Еуропада бұлтты технологиялар нарығын дамытты, бұл бізге үлкен мүмкіндік береді",- деп мәлімдеді Саймон Ху.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024