Қытайлық интернет-алпауыт Alibaba бас директорын өзгертеді. Reuters-тің хабарлауынша, 10 мамырдан бастап бұл орынға компанияның бас операциялық директоры Даниэль Чжан келеді.
Қазіргі басшы Джонатан Лу компанияның директорлар кеңесінде қалып, кеңес төрағасының орынбасары болады.
Бұл туралы компания тоқсандық есебін жариялаған кезде хабарлады. Құжат бойынша, Alibaba қаңтар-наурыз айларындағы түсімін 45 пайызға көбейткен еді. Болжам бойынша, жылдық түсім 2,77 млрд доллар деп белгіленгенімен көрсеткіш 17,4 млрд юанға (2,81 млрд доллар) жетті. Жалпы алғанда қызметкерлерге өтемақы акция түрінде берілуіне байланысты компания табысы 49% немесе 463 млн долларға дейін төмендеді.
Ресейлік рубльдің құнсыздануы да Alibaba Group-тың сауда алаңдарының өсімін төмендетті деп жазылған компания хабарламасында.
Халықаралық бизнестің 4 тоқсандағы жалпы ішкі айналымы 53% немесе 437 млн юанға (70 млн доллар) жоғарылады. Негізгі өсімді бизнесі халықаралық нарыққа негізделген AliExpress алаңы қамтамасыз еткен.