Алматы. 6 ақпан. 7 kun.kz – Қытайдың интернет-алыбы Alibaba Group Holding Ltd. «Wanda» кинотеатр операторының 7,66 пайыз үлесін 4,68 млрд юаньға (744 млн доллар) сатып алу туралы келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан агенттігі.
Қытай Халық Республикасының үкіметімен бақыланатын Beijing Cultural Investment Holdings қоры да 3,12 млрд юаньға компанияның 5,11 пайыз үлесіне ие болады.
Бұл келісім Alibaba-ны Wanda Film компаниясының көлемі жағынан екінші ірі акционері етеді. 2020 жылға қарай қытайлық кинонарық жыл сайынғы кассалық жиналым бойынша әлемде ең үлкені болады деп күтіледі.
Похожие материалы
Финансы
Отбасы банк увеличил максимальную сумму по своей самой популярной ипотеке
- 02 желтоқсан, 2025
Финансы
Кредиты бизнесу могут измениться в Казахстане: банки получат новые льготы
- 01 желтоқсан, 2025





