Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Alibaba өз акцияларын қайта сатып алады

Alibaba өз акцияларын қайта сатып алады

Қытайлық Alibaba Group Holding жалпы сомасы 4 млрд долларға акцияларын қайта сатып алады. Бұл жөнінде LS хабарлайды.

Компания таратқан ақпарат бойынша, бағдарлама 2 жылға есептелген. Алдағы buy-back туралы ағымдағы жылдың маусым айында біткен қаржылық нәтижелер хабарламасымен қатар мәлімдеді. Есептік кезеңде холднгтің түсімі 28 пайызға 20,2 млрд юаньға (3,27 млрд доллар) өскен. Сауда көлемі 43 пайызға немесе 105 млрд долларға көбейген. Таза табысының мөлшері - 4,9 млрд доллар. Табысты нәтижелерге қарамастан, өсім өткен жылдан аз болды. Бұл акциялар құнының азаюына әкелді. Нью-Йорк қор биржасында 5,13 пайызға арзандаған. Естеріңізге сала кетсек, компания Нью-Йорк қор биржасында 2014 жылдың қыркүйек айында IPO өткізген еді. IPO кезінде Alibaba рекордтық сомаға ие болды - 25 млрд доллар.

Похожие материалы