Ақпан айында AliExpress Ресей компаниясы «Цифрлы Қазақстан» қауымдастығына кірді.
Қазақстан нарығы компания үшін стратегиялық нарық болып табылады. 2022 жылдың екінші тоқсанының басында компания Қазақстанға тауар жеткізуін бастауды, ал жыл соңына дейін кері маршрутты іске қосуды, яғни қазақстандық компанияларға өз тауарларын AliExpress арқылы Ресейде сату мүмкіндігін беруді жоспарлап отыр.
Қазақстандықтарға маркетплейсте қазірдің өзінде шетелдік сатушылардың 190 миллионнан астам SPU (түстер мен өлшемдерді ескермейтін бірегей тауарлық бірліктер) ассортименті бар 300 мыңға жуық тауары қолжетімді болып отыр.
AliExpress Ресей – Alibaba Group (NYSE: BABA), VK (MAIL), USM International және Ресей тікелей инвестициялар қорының (РТИҚ) Ресей мен ТМД-дағы электронды әлеуметтік коммерция саласындағы бірлескен кәсіпорыны. Компания 2019 жылдың 9 қазанында құрылған болатын.
AliExpress — Ресей мен ТМД елдеріндегі Қытай мен әлемнің өзге елдерінің кең сұранысқа ие тауарларын сататын, 12,5 млн пайдаланушыдан тұратын күнделікті аудиториясы және 35 миллион адамнан асатын айсайынғы аудиториясы бар аса ірі онлайн-платформа. AliExpress Ресей компаниясындағы сатушылардың жалпы саны 400 мыңнан асып жығылады. Компанияның 2021 жылғы жалпы айналымы қызметтерді қоспағанда, 306 млрд рубльді құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024