2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында кабельді телевизия операторы "АЛМА- ТВ-дің" таза кірісі 51,2 млн теңге болды. Ал өткен жылы бұл уақыттағы көрсеткіш 1,88 млрд теңге болатын. Осылайша, табыс шамамен 37 есеге дейін төмендеген, деп хабарлайды lsm.kz.
2015 жылдың 9 айы ішінде оператордың салық салынғанға дейінгі табысы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,5 есеге қысқарып, 532,8 млн теңге болды. Ал есепті кезеңдегі жалпы пайда 2,4%-ға төмендеп, 3,5 млрд теңгені құрады.
Сондай-ақ "Алма-ТВ-дің" түсімі, керісінше, 28%-ға артып, 9,55 млрд теңге болды.
Опеатордың активтері 9 ай ішінде 3,7%-ға көтеріліп, 60,6 млрд теңгені құрады. Ал меншікті капиталы 52,7 млрд теңгеге дейін өсті.
2015 жылдың І жартыжылдығында "Алма-ТВ-дің" таза табысы 2014 жылдың І жартыдылдығындағы табысынан 2,9 есеге азайып, 432,7 млн теңге болды.
Фото:vlast.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024