Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Алма-ТВ" кабельді операторына «Бәсекелестік туралы» заңды бұзғаны үшін 130 млн теңге айыппұл салынды

"Алма-ТВ" кабельді операторына «Бәсекелестік туралы» заңды бұзғаны үшін  130 млн теңге айыппұл салынды
Алматы қалалық сотының апелляциялық тобы "Алма-ТВ" кабельді операторының «Бәсекелестік туралы» заңды бұзғаны туралы шағымды қанағаттандырды, деп хабарлайды Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі. "Алма-ТВ" ЖШС  телекоммуникация саласындағы басым жағдайға ие нарықтың субьектісінің бірі. Ол өз жағдайын пайдалана отырып елдің жекелеген аймақтарында «Бәсекелестік туралы» заңды бұзған, кабельді телевидения пайдаланушыларына әртүрлі бағалар ұсынған, делінген Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 2014 жылы қыркүйек айында монополияға қарсы инспекция елдегі әкімшіклік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 147б.3т. бойынша хаттама толтырып,  Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберген. "Алма-ТВ"ЖШС әкімшілік құқық бұзғаны туралы мәліметтердің жеткілікті болуына қарамастан, сот істі дәлел жеткіліксіз деп тоқтатып тастады. Бірақ, сот шешімімен келіспеген Алмалы аудандық прокуратурасы Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым түсіріп, ЖШС қайта жауапкершілікке тартуды сұрады, делінген баспасөз қызметінің мәліметінде. "Алматы қалалық апелляциялық сотында шағым толықтай  қанағаттандырылды. Құқық бұзушы "Алма-ТВ" ЖШС заңсыз монополиялық қызметтен түскен кірістің 10%-ы, яғни 129,3 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды,дейді хабарламада. «Алма-ТВ» кабельді операторы Қазақстанның  18 қаласында жұмыс істейді. Компания әлемнің 70 телеарнасын аналогты форматта және  100 –ден астамын сандық форматта ретрансляциялайды.  Бағдарламалар пакеті халықтың әртүрлі топтарының қызығушылықтарына байланысты жинақталған. Олар әлемдегі  фильмге, балаларға, жаңалықтарға, спортқа арналған, ғылыми-танымдық, музыкалық арналар.  

Похожие материалы