Экономика
Алматы-1 темір жол вокзалы маңындағы дүңгіршектер жабылып, орнына паркинг салынады
Алматы-1 темір жол вокзалының маңындағы дүңгіршектерді алдағы уақытта сүріп тастайтын болады. Олардың орнына көп деңгейлі паркинг салынады. Қазіргі жер асты автотұрағына тағы 2 жер үсті қабатын қосады деп хабарлайды Алматы.
Жоба шетелдік мамандармен ақылдаса отырып, қаланың құрылымдарына лайықталып жасалып жатыр. Рихард Зорге мен Сейфуллин көшелерінен кіруге болады. Негізі, ол жерлер дүңгіршектер орналасатын жер емес. Қазір аталған жерде 4 тамақтану нысаны бар. ТЖД қызметкерлерінің тексерісі барысында ол нысандардан көптеген заң бұзушылықтар тіркелген. Жетекшілердің сөзіне сүйенсек, барлығы реттелген.
Вокзал маңының аумағынан күн сайын мыңдаған автокөлік жүріп өтеді. Арнайы паркинг тек 120 автокөлікке арналған. Ал, 2 қабат қосылса тұраққа қойылатын көліктер саны 160-қа жететін болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024