"Атамекен" ҰКП кеңейтілген отырысында кәсіпкерлермен бірге Алматы-2020 даму бағдарламасы талқыға салынды. Бұл жөнінде total.kz хабарлайды.
Инвесторларға қызмет көрсету орталығының жетекшісі Тимур Сәкеновтың айтуынша, бағдарламада сауданы дамытуға баса назар аударылып отыр. Қалаға шетелдік ритейлерлер тартылады. Әкімдік әлемдік стандартқа сай сауда жүргізе білетін әрі "барахолкадағы бизнесті" ысыруға қауқары жететін IKEA және Auchan сынды компанияларды қалаға әкелу туралы жоспарлап отыр. Отырыста сондай-ақ, сауда нүктелеріне бақылауды күшейтіп, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында әлеуметтік сауалнамалар жүргізу талқыланды. Іс-шарада Алматының сервистік хабқа айналуы мүмкін екендігі де айтылды. Аталған бағдарлама әлі қоғамдық тыңдаудан өтеді. Содан соң барып мақұлданатын болады. "Алматы-2020" бағдарламасына қатысты ұсыныстарды қалалық әкімдік қарашаның соңына дейін қабылдайды. Ведомствоның қарауына бүгіннің өзінде 160 ұсыныс түскен.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024