Алматы. 28 қараша. 7kun.kz - Алматыда облыстардан жеткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі аяқталды. Жыл басынан бері Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының қатысуымен 10 жәрмеңке өтті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстар Алматы қаласына 1,2 млрд теңгенің сүт, ет, азық-түлік және жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізді.
Бұдан бөлек, өңіраралық кооперация аясында 2016 жылдың басынан бері Алматы әкімдігі 8 облыспен (ШҚО, БҚО, ОҚО, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл облыстары) 10 кездесу өткізді. Кездесу нәтижесінде Қазақстан облыстарының 30-ға жуық тауар өндірушісі Алматы қаласындағы 6 сауда желісімен келісім (Small, Carrefour, Магнум, Galmart, Метро, Беккер и К) жасады.
Айта кетейік, кездесулер нәтижесі тікелей өнім жеткізу есебінен азық-түлік бағаларының төмен болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024