Алматы. 29 қараша. 7kun.kz — Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Нұр-Сұлтандағы ОҚК-де өткен брифингте жалақысының қанша екенін айтты.
Белгілі болғандай, мегаполис әкімінің бір айлық еңбекақысы 1 млн теңге шамасында.
"Жалақым барлық әкімдердікі сияқты 950 мың теңге. Бұл жалпы мөлшері. "Қолға" 700 мың аламын. Салықтар, онда қанша пайыз екенін білесіздер ғой", - деді әкім.
Оның айтуынша, III тоқсанда орташа айлық атаулы жалақы 220 мың теңгеден асты.
"Номинал бойынша – 12,3%-ға, нақты мәнде қала тұрғындарының табысы 6,7%-ға өсті", - деді Бақытжан Сағынтаев.
2019 жылдың қорытындысы бойынша 40 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы тұрақты жұмыс орындарына 19 мың адам, уақытша жұмысқа 6 мың адам орналастырылды.
"NEET санатындағы жұмыс істемейтін азаматтар мен жастар үшін біз базарларда, вокзалдарда, жәрмеңкелерде 12 мобильді жұмыспен қамту орталықтарын құрдық", - деді Бақытжан Сағынтаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024