Алматы. 8 қараша. 7kun.kz - Қазақстан ұлттық бюджеттік желісі Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен жүргізілген «Жергілікті бюджеттер ашықтығының көрсеткіші» зерттеуінің нәтижелерін жария етті.
Қазақстанның түрлі аймақтарының көрсеткіштері құрал ретінде бүкіл республика бойынша бюджеттік үдерістердің өзгешеліктерін анықтап қана қоймай, жергілікті басқару органдарын ақпараттық ашықтықтың артуына ынталандыруға жол ашады. Бұл көрсеткіш, сонымен қатар, бюджеттік үдеріске өз азаматтарының қатысуына қай аймақтар көбірек мүмкіндік ұсынатынын анықтауға жағдай туғызады.
2017 жылы 14 облыс, Астана мен Алматыны қамтитын Қазақстан Республикасының барлық 16 әкімшілік-аймақтық бірлігінің көрсеткіштерін анықтау негізгі нәтижесі болған зерттеу жүргізілді. Алматы қаласы үшін жергілікті бюджеттер ашықтығы индексінің көрсеткіші мүмкін болатын 100-ден 32 балды құрады, бұл зерттелген 14 облыс пен Астана және Алматы орта балынан (40) төменірек.
2017 жылы 32 балл алған Алматы қаласы 2015 жылғы жергілікті бюджет ашықтығы Индексімен салыстырғандағы көрсеткішін жақсартып, рейтингте үш орынға жоғары жылжып, 12-орынды иемденді, ал осыған дейінгі зерттеуде ол 22 балл нәтиже көрсетіп, соңғының алдындағы 15 орында болған болатын. Алайда, оңды өзгеріске қарамастан, 2017 жылдың көрсеткіші бағалау межелігі бойынша «минималды» деңгейде орын алып тұр.
Алматы қаласы бюджет ашықтығы үдеріс айқындығының: бюджет жобасын жоспарлау және жасақтау (15 балл), бюджетті қарастыру және бекіту (36 балл), бюджетті орындау (46 балл) және бюджетті орындау туралы жылдық есептің ашықтығы мен қолжетімділігі (30 балл) секілді параметрлері бойынша бағаланды.
Алынған мәліметтер Зерттеу аясында бағаланып отырған жергілікті органдар бюджет пен жергілікті биліктің қаржылық іс-әрекеті туралы жұртшылыққа ашық қолжетімді ақпараттың минималды мөлшерде ұсынатыны турасында хабардар етеді. Қала тұрғындарының мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары қаланың ақшалай қаржысын қалайша пайдаланатынын бақылау, сондай-ақ бюджеттік үдеріске қатысу мүмкіндігі шектеулі.
Зерттеу қорытындылары бойынша сарапшылар мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды жасақтады. Сонымен бірге, осы зерттеудің нәтижелері мен ұсыныстары жергілікті атқарушы органдарға табысталатын болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024