Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы қаласы Жетісу ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Алматы қаласы Жетісу ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Алматы. 10 шілде. 7kun.kz - Алматы облысы Жетісу ауданының жаңа әкімі болып Мұхтар Тәжібаев тағайындалды. Мұндай шешім ҚР Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен қабылданды.

Мұхтар Тәжібаев – мемлекеттік қызметті 1993 жылы Туризм, денешынықтыру және спорт министрлігінің бөлім инспекторы ретінде бастаған. 1997-1998 жылдары Алматы қаласы ТЖ басқармасында жетекші маман, сектор меңгерушісі болған. 2001 - 2010 жылдар аралығында қалалық жалпы білім беру мекемелерінде мұғалім, директор қызметтерін атқарған. 2010 - 2012 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясы Түрксіб аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған. 2012 жылдан бастап Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Еске салсақ, ауданның бұрынғы әкімі Талғат Разақов Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы болып тағайындалған.

Айта кетейік, Жетісу ауданында соңғы 4 жыл ішінде салық түсімі 21 пайызға артты, өндіріс өнімі 30 млрд теңгеге (22%) жетті. Негізі капитал инвестициясы екі есе өсті, 14 жеке бала бақшалар мен 11 миниорталықтар ашылды.

Похожие материалы