Алматы. 24 августа. 7kun.kz — SMALL сауда желісі Солтүстік айналым көшесінде 2,5 мың шаршы метр, Төле би көшесіндегі Silk Way City сауда орталығында 2,4 мың шаршы метрді құрайтын екі дүкен ашты. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.
Екі супермаркет 200-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Сауда орындарының ашылуы жергілікті шағын және орта кәсіпорындардың да жмысына серпін бермек. Қазіргі уақытта компания Алматының және Қазақстанның басқа да өңірлерінің 400-ден астам тауар жеткізушілерімен жұмыс істейді.«Біз тауарды таңдау кезінде жергілікті өндірушілерге ерекше көңіл аударамыз. Бұдан басқа, ұсынылатын өнімнің шамамен 10 пайызы өзіміздің жеке өндірісіміз: ыстық тамақтар, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, яғни қол еңбегімен жасалған өнімдер», – деп атап өтті SMALL сауда желісі.
Солтүстік айналым көшесіндегі дүкенде тауардың шамамен 10 мың, ал Silk Way City Сауда орталығында 15 мың түрі бар.
SMALL сауда желісі Қазақстанның 13 қаласында «үй жанында», «супермаркет» және «көтерме маркет» үлгісінде жұмыс істейді. Қызметін Қазақстан бойынша ай сайын 2,5 млн-нан астам адам тұтынады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024