Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы қаласының 2017 жылғы бюджеті 542 млрд теңгені құрады

Алматы қаласының 2017 жылғы бюджеті 542 млрд теңгені құрады

Алматы. 26 мамыр. 7kun.kz - Алматы қаласының биылғы бюджеті 542,2 млрд теңгені құрады. Оны Алматы қалалық мәслихатының депутаттары нақтылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаланың жалпы ішкі өнімінің 2,6 пайызға артқанын, жергілікті және республикалық бюджеттердің кірістері бойынша жоспардың артығымен орындалғанын, сондай-ақ 123 млрд теңгенің үнемделгенін есепке алғанда 2017 жылға бюджетті нақтылау сомасы 48,9 млрд теңгені құрады.

Қаржылар Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталады. Атап айтқанда, 95 шақырым автобус жолдарын жөндеуге қосымша 2,5 млрд теңге жұмсалады. Алғабас, Ақбұлақ, Қалқаман шағын аудандарына кіретін жаңа жолдар құрылысына 2,4 млрд теңге бөлінеді.

Сондай-ақ 297 жаңа автобус, 40 эвакуатор  сатып алуға 11,5 млрд теңге жұмсалады. Қаланы абаттандыру мен көріктендіруге 19,7 млрд теңге қарастырылып отыр. Жібек жолы, Панфилов, Қабанбай батыр, Гоголь көшелері дат сәулетшісі Ян Гейлдің тұжырымдамасына сәйкес өзгеретін болады. 472 ауланы абаттандыруға - 7,7 млрд теңге, «Думан» шағын ауданындағы ескі қорымды жөндеуге - 200 млн теңге, әлеуметтік саланы дамытуға қосымша  2,6 млрд теңге бөлінді.

Атап айтқанда, 207,6 млн теңгеге мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, апатты жағдайдағы 8 балабақшаны жөндеу көзделген. Айта кету керек, биыл жергілікті бюджетке салық түсімдері 6 пайызға, республикалық бюджетке 4 пайызға артық түсті. Бұдан бөлек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу үшін 2148 компьютер сатылып алынады. Ал жаңа онкологиялық орталық құрылысына 557,9 млн теңге, әлеуметік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларды қолдауға 1,8 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Қаладағы бұқаралық спортты дамытуға қосымша 758,5 млн. теңге қарастырылып отыр. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алматыда келер жылдың соңында БҰҰ аймақтық хабы ашылады. Мұнда 19 әлемдік ұйымның өкілдіктері орын тебеді. Жаңа нысан құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын жасауға 50 млн теңге бөлінбек.

Дереккөз: inform.kz

Похожие материалы