2015 жылдағы Алматы қаласының бюджеті 30 млрд-тан астам теңгеге оңтайландырылды деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Қала бюджетін нақтылау туралы шешім мәслихат отырысы кезінде қабылданған.
"Мегаполис бюджетіндегі тиімсіз шығындарды қысқарту мақсатында, ірі масштабтағы және қаржыны көп талап ететін жобаларды іске асыруды тоқтату туралы шешім қабылданды. Нақтылай айтқанда, "Алматы Ипподромы" спорттық-сауықтық кешенін сатып алу, "Көк Жайлау" кешенінің құрылысын жалғастыру, 5 жүргінші жолын салу, Сейфуллин-Жансүгіров көшелерінің қиылысында айналма жол салу, Наурызбай ауданында әкімшілік ғимаратын салу тәрізді жобалар тоқтатылды",- делінген әкімдік хабарламасында. 29,5 млрд теңге көлемінде үнемделген қаржы "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша "Жас Қанат" ауданында салынған 28 тұрғын үй құрылысының несиесін өтеуге, жұмыспен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, траснпортты инфрақұрылымды дамыту, мектеп жасына дейінгі білім беруге қосымша қаржы салу және тағы басқа да қажеттіліктерге жұмсалмақ.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024