Алматы. 23 шілде. 7kun.kz - Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Қарғалы және Қарағайлы елдімекендерінде аномалды ыстыққа байланысты балшық ағындары жергілікті өзендердің сағасын жауып қалып, арнасынан тасып жатыр. Су тасқыны аймағында бірнеше елдімекендер қалған. Куәгерлердің сөзінше, жолдарды су шайып, бірнеше үйлерге зақым келген.
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерлан Нұрғалиевтың сөзінше, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзеніндегі су тасқынының көбеюі туралы ақпарат 03.00-те келіп түскен. ТЖД-нің мәліметінше, Қарағайлы және Каменка елдімекендерінде су тасқыны орын алды. Су бөгеті жарылмаған. Жақын маңдағы елдімекендердегі адамдар көшіріліп жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар, полиция, әкімшілік және ТЖД қызметкерлерін қосқанда 440 адам жұмыс істеуде.
Наурызбай ауданы әкімшілігінде және 176-мектепте зардап шеккендерді медициналық және психологиялық көмекпен, азық-түлікпен қамтамасыз ететін қабылдау пункттері ашылды. Соңғы ақпарат бойынша Қарғалы елдімекенінен 191 адам көшірілді, оның үшеуі бала.
"Қазселқорғау" мемлекеттік мекемесінің ақпаратынша, тоғанның тұтастығы бұзылмаған, қазір суды лықсыту жүріп жатыр. Алматы қаласының жастар саясаты басқармасының басшысы Санжар Боқаевтың сөзінше, бөгет жұмыс жағдайында.
"Ешқандай екінші тасқын болмайды. Тоған жұмыс жағдайында. Құрбандар жоқ. Ауыл шаруашылық обьектілері бұзылған. Су тасқыны аумағындағы адамдарды көшіріп жатырмыз. Дүрбелең тудырмаңыздар. Басқа бөгеттердің жарылған туралы ақпарат шындыққа сай келмейді", - деді ол Фейсбуктегі парақшасында.
Өз кезегінде Алматы әкімінің кеңесшісі Сергей Куянов 05.00-де мамандар аумақты аралауға шыққандығын хабарлады. Оның сөзінше, полиция әлеуметтіік желіде су тоғаны жарылды және селдің екінші тасқыны болады деген адамдарды іздестіріп жатыр.
Ғаламтор қолданушыларының айтуынша, сел тасқыны аумағындағы тұрғындардың барлығы тез арада керекті заттарын жинап, үйлерінен шығып кеткен. Райымбек, Достық даңғылдарының бойында кептелістер орын алған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024