Алматы. 2 желтоқсан. 7kun.kz – Алматы әлемдегі ең қымбат қалалар тізімінде 166-орынға көтерілді, деп хабарлайды 7kun.kz The Economist-ке сілтеме жасап.
Өткен жылғы рейтингте мегаполис 173-тің ішінде 169-орынға ие болды.
Рейтинг 2022 жылы әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі өмір сүру құнына негізделіп жасалды.
Зерттеу барысында әлемнің 170-тен астам қаласындағы 200-ден астам тауарлар мен қызметтердің бағасы салыстырылды. Ірі қалаларда соңғы бір жылда баға жергілікті валютамен есептегенде орта есеппен 8%-ға өсті. Мәселен, Батыс Еуропада энергия бағасы 29%-ға, ал әлем бойынша 11%-ға қымбаттады.
Сарапшылардың пайымдауынша, Украинадағы жағдай және Қытайдағы COVID-19-ға «төзбеушлік» саясаты Бейжіңдегі тұрақты құлыптаулар кезінде бағаның тез өсуіне себеп болды. Бұл факторлар жеткізу тізбегінде қиындықтар туғызды және айырбас бағамдарының өсуімен бірге бүкіл әлемде өмір сүру құнының дағдарысына әкелді. Соңғы 20 жылда өмір сүру құны ең жылдам қарқынмен өсуде.
Әлемдегі ең қымбат қалалар:
- Нью Йорк
- Сингапур
- Тель-Авив
- Гонконг
- Лос-Анджелес
- Цюрих
- Женева
- Сан-Франциско
- Париж
- Сидней
Айта кетейік, бұған дейін Numbeo сайтында Алматы әлемдегі ең қымбат қалалар тізіміне енген болатын. Онда Алматы 466-шы, ал Астана 475-ші орынды иеленді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024