Алматы әуежайында Дубайға 3 келі алтын алып өтпек болған қытайлық ұсталды
Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Алматы әуежайында Дубайға 3 келі алтын алып өтпек болған Қытай азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады.
Алматы әуежайы арқылы БАӘ-ге бағалы металдарды заңсых әкетпек болған қылмыстық топтың жолын кесілді. Контрабанда мемлекеттік бақылауды айналып өтіп, көлік полициясының қызметкерлеріне пара беру арқылы әрекеттерін жүзеге асырған.
Министрлік мәліметінше, әуежайда полицейге кедендік және шекаралық бақылау аймағы арқылы «сәлемдемені» алып өтуі үшін 600 АҚШ доллары сомасында пара беру кезінде Қазақстан азаматы ұсталды. Жеке тексеру барысында одан 1200 АҚШ доллары тәркіленді.
Сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде әуежай ғимаратында ҚХР азаматы ұсталды.
«Күдіктінің сыбайласы алтынды әуе арқылы Алматыдан Дубайға жеткізуі керек болған. Оның сөмкесінен полиция қызметкерлері салмағы 3 келі 200 грамм болатын алтын құймаларын тапты. Оның құны шамамен 84 млн теңгеден асады. Тергеу сотының санкциясымен қазақстандық күдіктінің тұрғылықты жері бойынша Алматыдағы коттедждердің бірінде тінту жүргізілді. Онда құймалардағы алтын мен металдың мөлшерін анықтайтын электрондық таразы мен арнайы құрылғылар тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілерді уақытша ұстау изоляторына қамау туралы мәселе шешілуде», - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Қазір қымбат металдың шығу көзі мен қылмыстық топтың басқа да сыбайластарын анықталуда.