Қазақстан. 26 шілде. 7kun.kz – Алматы әуежайының автотұрағында үш мас ер адам төбелесіп, бірі оларды ажыратуға келген тәртіп сақшысына шабуыл жасаған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға түнгі сағат бір шамасында болған.
Куәгерлер полиция шақырған. Құқық бұзушылардың бірі бөтелкенің сынығымен полиция қызметкеріне шабуыл жасамақ болған. Қақтығысты тоқтату үшін тәртіп сақшысына аспанға оқ атуға тура келген.
Төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталды. Олар - Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары. Екеуі бұрын тонау және ұрлық жасағаны үшін сотты болған.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық, билік өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi атқаратын немесе қоғамдық тәртiптi бұзудың жолын кесетін өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты әрекет) бойынша тергеу басталды.
Үшеуі де қамауға алынды. Сондай-ақ, қызметтік қаруды қолдану дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024