Алматы. 9 тамыз. 7kun.kz - Тамыздың 1-5 аралығында Алматы қаласының қоғамдық көлік жүргізушілері жүргізушілері мен жолаушыларына әртүрлі заң бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
5 күн ішінде «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС бақылау-ревизиялық басқармасының қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жолаушы тасымалы кезінде жіберілген 144 заң бұзушылықты тіркеген.
"Оның ішінде 66-сы - жолаушыларға тиісті билет бермей тасымалдау, 78-і автобустың аялдамаға тоқтамай өтіп кету оқиғасы. Жолаушыларға билет бермегені үшін көлік жүргізушілеріне №623 бап бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл тағылды. Бұл әрбір заң бұзушылық үшін салынған айыппұл екенін атап өту керек. Ал жалпы жүргізушілерге салынған айыппұл көлемі 700 мың теңгеден астам", - делінген хабарламада.
Ал заң бұзған 186 жолаушыға №622 бап бойынша (2 АЕК) жалпы сомасы 800 мыңнан астам айыппұл салынды.
«Жүргізіліп жатқан рейдтік тексерулер барысында анықталып жатқан мәліметтердің арқасында, тасымалдаушылар көлік жүргізушілерінің үздіксіз заң бұзушылықтарын көріп, өз қызметкерлеріне қатысты тиісті шара қолданады деген үміттеміз. Өйткені, жүргізушілердің заңға қайшы әрекеттері салдарынан дұрыс билет талап етпегені үшін, айыппұл төлеуге мәжбүр болатын қарапайым жолаушылар зардап шегеді. Мұнымен қоса, жолаушылар тасымалы саласының қызметі мен беделіне де нұқсан келеді», - деп атап өтті «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС директоры Садир Хамраев.
Рейдтік бақылаулар 2017 жылдың 31-желтоқсанына дейін Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары Басқармасының, көліктік бақылау Инспекциясының, әкімшілік полиция Басқармасы және «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС бақылау-ревизиялық басқармасының қатысуымен өткізіледі. Рейд Алматы қаласының 8 әкімшілік-аумақтық ауданында, автобекеттерде және ірі аялдамаларда өткізіледі. Мұндағы мақсат – жолаушы тасымалы барысындағы заң бұзушылықтарды анықтау.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024