Алматы. 5 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда автокөліктерді тіркеу көлемі 19,2% ұлғайған, деп хабарлайды Қазақстан автобизнес қауымдастығы.
ҚАБҚ мәліметі бойынша, жарты жыл ішінде республикада барлық түрлердегі 563,4 мың көлік құралы есепке қойылған. Маусымда бұл көрсеткіш 12,5% артып, 107,9 мың автомобильге жеткен.
Жалпы тіркеу санындағы бастапқы тіркеу үлесі маусымда 7,8% дейін артып, 8,4 мың көлік құралын құраған. Екінші тіркеудегі көлік көлемі 99,5 мың болған, бұл - жалпы көлемнің 92,2%. Тіркелген көліктердің үштен екі бөлігі - 10 жыл бұрын шығарылған автомобильдер (70,6 мың дана). Ал 20 жылдан астам уақыт бұрын шығарылғандары – 40,6 мың авто, 10-20 жыл бұрын пайдалануға берілгендері – 29,9 мың дана. 3-10 жылдық көліктер 25,7 мың авто болса, 3 жылға дейінгі мерзімдегілер - 11,7 мың авто.
І жартыжылдық қорытындысы бойынша өңірлерге бөліп қарастырғанда, Алматы облысы көш бастап тұр. Қаңтар-маусымда бұл облыста 82,6 мың көлік құралы тіркелген. Екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы – 79,4 мың автомобиль тіркелген. Рейтингтегі үшінші және төртінші орындарға республикалық маңызы бар қос қала – Алматы (71,3 мың дана) мен Астана (48,1 мың дана) орналасқан. Бұл бестікті Қарағанды облысы 39,1 мың авто көрсеткішімен тұйықтап отыр.
Похожие материалы
Отбасы банк увеличил максимальную сумму по своей самой популярной ипотеке
- 02 желтоқсан, 2025
Кредиты бизнесу могут измениться в Казахстане: банки получат новые льготы
- 01 желтоқсан, 2025





