Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы бизнесі кепілдік берілетін мемлекеттік тапсырыс алады

Алматы бизнесі кепілдік берілетін мемлекеттік тапсырыс алады

Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz - Алматы қаласының аудан әкімдіктері мен қала кәсіпорындарының арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Атап айтқанда, жиһаз өндірісі, жол жабдықтары, картридж өндірісі бойынша компаниялар өнімді 2018 жылдың соңына дейін жеткізеді. Бұл туралы жыл сайынғы «Мемтапсырыс 2018» акциясының шеңберінде өткен кеңес барысында белгілі болды, деп хабарлайды қала әкімі баспасөз қызметі.

«Біз өзіміздің жергілікті кәсіпорындарды тапсырыстармен және өндірістік қуаттардың толық көлемімен қамтамасыз етеміз. Бұдан басқа, акция зауыттар мен фабрикаларға жаңа өндірістік желілерді кеңейтуге және құруға, қала бюджетіне түсетін салық түсімдерін арттыруға, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ғанибет Әубәкіров.

Айта кетейік, 2009 жылмен салыстырғанда, алғашқы «Мемтапсырыс» акциясы өткізілген кезде, өңдеу өнеркәсібінің өсуі 250 млрд теңгеден 809 млрд теңгеге дейін  өсіп, 123 пайызды құрады.

Спикер акцияның 11-рет өткізіліп отырғанын және оң нәтижелерінің барын атап өтті. Өткен жылғы акцияның қорытындылары бойынша алматылық кәсіпорындар 809 млрд теңгеге 12 мыңнан астам келісімшарт жасасты. Әубәкіровтің айтуынша келісімшарттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді болып табылады және олар 2019 жылға дейін қолданыста болады.

«Мемтапсырыс» акциясының Алматы қаласының мемлекеттік органдарының, ұлттық компанияларының және кәсіпорындарының сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға бағытталғанын атап өтеміз.

Похожие материалы