Алматы экологиялық апат алдында ма: Қала тәулігіне 700 мың автокөлікті қабылдауға қауқарсыз
Астана. 30 қараша. 7kun.kz – Қазақстан қоршаған ортаға көмірқышқыл газын шығару бойынша 221 елдің ішінде 20-шы орынға тұрақтаған. Ал жан басына шаққанда алғашқы ондықта жүр, деп хабарлайды 7kun.kz.
Мәжіліс депутаты Зәкіржан Кузиев Алматы қаласының экологиясына көліктердің айтарлықтай зиян келтіріп жатқанын айтып, жауапты министрліктер мен жергілікті әкімдіктерге депутаттық сауал жолдады.
Алматыда күніне 700 000 астам автокөлік қатынайды. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, қалада 508 000 көлік ресми тіркелсе, оның сыртында шамамен 250 000 автокөлік жақын аудандар мен ауылдардан кіреді.
Депуттаың айтуынша, бұл соңғы 10-15 жылдан бері өзгермей келе жатқан мәлімет. Қазір Алматыда жұмыс күндері автоккөліктен аяқ алып жүру мүмкін емес, дейді мәжілісмен.
«Қарапайым арифметикаға салсақ, шаһарға кіретін әр автокөлік төрт адамнан алып келгенде, қаланың өз тұрғындарынан басқа тәулігіне 1 миллионға жуық адам кіріп-шығады. Бұл қаланың инфрақұрлымы мен еңбек нарығы үшін айтарлықтай салмақ. Алматы әлемдегі экологиясы нашар 100 қаланың ішінде 5-ші орынға жайғасқан. Былтыр «Қазгидромет» Алматыда ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан 367 есе көп екенін анықтаған», – деді Кузиев.
Сондай-ақ депутат биыл 16 қарашада Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаладағы көлік инфрақұрылымы мен экология проблемасын айтақанын еске салып, метро, LRT, BRT және Қаскелең, Қонаев, Талғар бағыттарына электрлі пойыз жүргізу мәселесін атап өтті.
Депутат сауалында Алматыға жақын орналасқан аудан орталықтарына ұзақтығы 100 шақырым радиуста «электричка» салыну қажеттілігін, ауа сапасының күнделікті хабарлануын, экологиялық апаттың алдын алу үшін нақты қандай шаралар қолданылатынын және қала маңындағы ауылдарға газ кіргізу құнының қымбаттығын атап өтті.
«Алматы қаласының әуе бассейнінің негізгі ластаушысы – автокөлік екені дәледенді. Олар атмосфера құрамындағы зиянды заттардың 65 пайызын таратады. Автокөліктен келетін зиянды қалдықтар мәселесін тез арада шешу керек. Қазақстанда қыруар қаражат бөлініп жүргізілетін экологиялық мониторинг те, бюджет есебінен салынатын экологиялық тексеру посттары, олардың саны қазір Алматыда 19-ға жеткен, жүргізушілерге салынатын айыппұлдар да мәселені шешпейтіне көз жеткенін мойындау керек», – деді Зәкіржан Кузиев.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024