Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — TAV Airports әуежайларының операторы Алматы халықаралық әуежайының басшылығымен қазақстандық әуе айлағын сатып алу жөніндегі мәмілені талқылап жатыр.
Сондай-ақ талқылауға VPE Capital басқарушы компаниясы да қатысады.
Groupe ADP мәліметіне сәйкес (TAV әуежайларының 46,16%-на иелік етеді), келер апта немесе айларда келісімге қол жеткізуге болады.
"Қазақстанның қаржы орталығындағы Алматы халықаралық әуежайы - Орталық Азиядағы ең ірі әуежай. 2018 жылы ол 6 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсетті, бұл ретте жолаушылар ағынының жартысы халықаралық бағыттарға тиесілі. Қазақстан - теңізге шыға алмайтын әлемдегі ең үлкен ел, ол өңірдегі экономикалық өсімнің драйвері және Орталық Азияның ЖІӨ-нің 60%-ын қамтамасыз етеді. Бұл әуежайды сатып алу Groupe ADP және TAV Airports даму стратегиясына сай келеді", – деп мәлімдеді Groupe ADP.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024