Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы кәсіпкерлері селден зардап шеккендерге көмек ретінде 1 миллион жинап берді

Алматы кәсіпкерлері селден зардап шеккендерге көмек ретінде 1 миллион жинап берді

Алматы. 23 шілде. 7kun.kz - Алматының аймақтық кәсіпкерлер палатасы селден зардап шеккендер үшін қаражат жинау науқанын ұйымдастырып жатыр. Бұл туралы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлайды.

"Алматының аймақтық кәсіпкерлер палатасында сел тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қаражат жинау басталды. Бір сағат уақыттың ішінде аймақтық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері 1 млн теңге қаражат жинады", - делінген бейсенбі күні таратылған палата хабарламасында.

Сонымен қатар Алматының кәсіпкерлер палатасы зардап шекендерге бір күндік еңбекақыларын аударуға даяр екенін білдірді.

Айта кетелік, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзеніндегі су тасқынының көбеюі туралы ақпарат 03.00-те келіп түскен.

Алматының Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандары сел салдарынан зардап шекті. 900-ге жуық адам қауіпсіз аймақтарға көшірілді.

Похожие материалы