Алматы әкімдігі мен Қазком мемлекеттік-жекешеленген серіктестік бойынша әлеуметтік-экономикалық маңызды Меморандумға қол қойды. Келісім барысында қаланы дамытуға 300 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінбек. Бұл туралы Қазкомның баспасөз қызметі хабарлайды .
Меморандум аясында банктің бас акционері Кеңес Рақышев селден зардап шекккен Наурызбай ауданына жаңа мектеп салуды өз мойнына алатынын мәлімдеді. Аталған құжатқа Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек, Қазкоммерцбанк Директорлар кеңесінің мүшесі Кеңес Рақышев пен басқарма төрағасы Мағжан Әуезов қол қойды. Қазкоммерцбанк тарапынан бөлінген қаржы тұрғын үйлер, инфрақұрылымдық нысандарды салуға, орта және кіші бизнесті дамытуға, қайырымдылық істер жасауға жұмсалмақ. Жобаны жүзеге асыру 2015-2017 жылдарға жоспарланған. Меморандумға қол қою барысында қала әкімі Бауыржан Бәйбек: "Біз үшін бұл - бизнес саласындағы үлкен қадам. Қайырымды істер жасай отырып, кәсіпкерлік саласында айқын әрі түсінікті істерге қол жеткіземіз. Бюрократиялық әрекеттерді төмендете отырып, жаңа жұмыс орындарын құруға көңіл бөлеміз. Бұл салықтың көбеюіне ықпал етеді. Ал салық - мемлекеттің әлеуметтік жағдайына тікелей көмектеседі", - деді. Ал, Кеңес Рақышев: "Мемлекеттік-жекешеленген серіктестік аясында, қомақты қаржы институты ретінде және банк акционері ретінде мен және Қазком Алматы қаласының дамуына арналған жобаларға қатысуға дайынбыз. Сонымен қатар, селден зардап шеккен Наурызбай ауданына да көмек қолын созуға мүмкіндік туып отыр. Әкімдікпен бірлесе отырып, кез келген қиындықты жеңетінімізге сенімдімін. Өзіміздің жеке қаржымызды қаланы инвестициялауға және 1200 орындықты мектеп салуға бөлуге дайынбыз", - деп атап өтті. Қазкоммерцбанк басқармасының төрағасы Мағжан Әуезовтің сөзінше Әкімдікпен болған келісім-шарт тек бір жылдың көлемінде ғана қалмайды. Себебі, 2011 жылдан бастап қолға алынған бастама Меморандумға қол қоюмен аяқталған. Нәтижесінде қаланың көптеген инфрақұрылымдық аймақтары, әлеуметтік және мәдени орталықтары қаржыланды. 1643-ке жуық отбасы үймен қамтылды, құрылысы тоқтап тұрған 9 тұрғын үй жайының жұмысы аяқталды, 6,5 мың пәтер пайдалануға берілді, 13 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, 467 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй мен 219 шаршы метр шамасында инфрақұрылымдық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Осыған дейін банктың қаржысымен қайта қалпына келген Алматыдағы танымал орындар:- «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты,
- Халықаралық Алматы әуежайының екінші ұшып-қону жолағы,
- Esentai Tower көпсалалы кешені,
- Esentai Mall ойын-сауық орталығы,
- The Ritz-Carlton, Almaty қонақ үйлері,
- Есентай парк кешені,
- Сайран ықшам ауданындағы барлық аяқталған нысандар,
- ILP және GEGA логистикалық кешені.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024