Алматы. 4 шілде. 7kun.kz – Алматының бас санитарлық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы қаланың COVID-19 таралуы бойынша «сары» аймаққа көшуіне байланысты қаулыға қол қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Құжат 7 шілдеде күшіне енеді. Құжатқа сәйкес келесідей пунктер енгізіледі:
- науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру және оларды медициналық бақылау;
- covid-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтықтан жұмыс түріне ауыстыру;
- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және телемедицина орталығы деңгейінде ауырлығы жеңіл және симптомсыз пациенттерді жеті күн ішінде амбулаториялық бақылау.
Сонымен қатар халық көп жиналатын жабық орындарда, қоғамдық көлікте, метрода жүргенде бетперде кию ұсынылады. Ұсыныс бес жасқа толмаған балаларға қолданылмайды.
Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 және коронавирустық пневмонияның 159 жағдайы анықталып, оның ішінде 88 жағдай Алматыда тіркелді.