Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Алматы Марафонға" 17 мың адам қатысты

"Алматы Марафонға" 17 мың адам қатысты

Алматы. 21 сәуір. 7kun.kz - Алматыда әлемнің 53 елінен 17 мың адам қатысқан "Алматы марафон" жаппай жүгіру шарасы өтті.

Орталық Азиядағы ең ауқымды спорттық шараны Алматы әкімі Бауыржан Байбек ашты.

Дәстүр бойынша бірінші болып үш шақырымдық жарыс жолына 10-14 жас аралығындағы балалар шықты. 1000 баланың арасынан Доминик Боловинцев пен Рима Гранкина бірінші болып келді.

Бұдан кейін 42, 21, марафондық экиден (42 шақырым), 10 шақырым мен скиндинавиалық жүріске қатысушылар жолға шықты.

42 шақырымда Ташкент қаласынан келген Зикрилло Маматкуловиз 2 сағат 28 минут 34 секундтық көрсеткішпен абсолютті чемпион болды. Зикрилло трасса мен «Алматы марафонның» рекордын жаңартты. Қыздар арасында мәскеулік Александра Каланова (2:42:44) ең үздік болды.

21 шақырымда Бішкек қаласынан келген Илья Тяпкин мен отандасымыз Мария Коробицкая жеңімпаз атанды.

10 шақырымда Дмитрий Иванчуков пен Светлана Саунина, скандинавиялық жүрісте Асылжан Жанызаков пен Алия Хайруллаева үздік нәтиже көрсетті.

42 шақырымдық марафондық экиденге биыл 113 команда қатысқан. Олардың ішінен Kaspi.kz командасы бірінші орынға ие болды.

Биыл жалпы жүлде қоры 2 940 000 теңге болды, ол 42 және 21 шақырымда үш жүлделі орынға ие болған ерлер және әйелдерге бөлініп берілді.

Жарысқа қатысқан әрбір адамға естелік медаль берілді.

«Биыл сегізінші «Алматы марафонды» өткіздік. Жыл сайын қатысушылар саны көбейіп келеді. Биыл қатысушылар саны былтырғымен салыстырғанда үш мың адамға көп болды. Марафон нағыз спорттық мерекеге айналып келеді», - дейді «Алматы марафонның» директоры Салтанат Казыбаева.

Марафонның басты мақсатының бірі - қайырымдылық. Биыл түскен қаражат үш балалар орталығында спорт алаңын салуға жұмсалады.

Орталық Азиядағы ең ауқымды спорт шарасының бас демеушісі - еліміздегі ең иннoвациялық компания Kaspi.kz болды.




Похожие материалы