Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы мен Астанада электронды сандық қолтаңба орнатылған SIM-карталар сатылымға шықты

Алматы мен Астанада электронды сандық қолтаңба орнатылған SIM-карталар сатылымға шықты

1 қазаннан бастап Астана және Алматы қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) электронды сандық қолтаңбаны сақтауға арналған SIM-карталардың сынамалы жобасы өз жұмысын бастады. Алдағы уақытта аталған SIM-карта Қазақстанның барлық ХҚКО-да қолжетімді болады. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды. 

«Пилоттық жоба халыққа ыңғайлы болу үшін ХҚКО-ға жіберілді. ХҚКО-ға келген азамат  SIM-картаны сатып алумен қатар, оған электронды сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) жазып алып, мамандардан қалай қолдану керектігі туралы кеңес ала алады», - деді "ХҚКО" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Әсемгүл Балташева. Аталған жоба Астананың барлық ХҚКО-ларына жіберілді. Ал Алматыда Бостандық, Медеу, Әуезов, Түркісіб, Наурызбай аудандарының ХҚКО-нан табуға болады. "ХҚКО" РМК баспасөз қызметі хабарлағандай, егер азамат ЭСҚ-ны өз SIM-картасына жазып алғысы келсе, бағасы 200 теңге тұрады. Аталған сома абонент балансынан алынады. Ал азаматта Алтел операторы бар болса, оны ХҚКО-да ЭСҚ жазылған SIM-картаға ауыстыруға мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайда SIM -картаның бағасы 101 теңге және ол баланс арқылы алынады. Естеріңізге сала кетейік, мобильді ЭСҚ-ны SIM-картада пайдалану арқылы азамат мекен-жай анықтамасына, жеке мүлік есебі анықтамасына,  зейнетақы аударымдары туралы ақпаратқа және «egov.kz» мобильді қызметі көмегімен басқада қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіндік алады. Алдағы уақытта қолданушы  SIM–картадағы мобильді ЭСҚ көмегімен "электронды үкімет" веб-порталы арқылы қызмет түрлерін қолданады. Ол үшін интернеттің немесе мобильді қосымшалардың қажеті жоқ. Ал SIM-картаны жоғалтып алған жағдайда абонент 888 нөмірі арқылы ALTEL call-орталығына хабарласа алады. Оператор SIM-картаны бұғатап, ондағы ЭСҚ өшіріледі. Қайта қалпына келтіру үшін ALTEL ұялы операторы мен сату орталықтарының қызметін пайдаланып,  ХҚКО-на жаңа ЭСҚ жазу туралы өтініш жіберіледі.
 

Похожие материалы