Алматы. 25 маусым. 7kun.kz – Ағымдағы жылдың мамыр айында айырбастау пункттерінде шетел валютасын сату көлемі 280,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың мамыр айымен салыстырғанда 160 млрд теңгеге артық.
Ұлттық банктің деректері бойынша, ағымдағы жылдың мамыр айында қазақстандықтар АҚШ валютасын сатып алу үшін 189,7 млрд теңге жұмсады. Ресей рублі айырбастау пункттерінде 59,01 млрд теңгеге, еуро - 31,7 млрд теңгеге және юань - 41 млн теңгеге сатылды.
Долларды сатып алудан Алматы көш бастап тұр. Бұл валютаға тұрғындар бір ай ішінде 68,4 млрд теңге жұмсады. Сатып алу көлемі бойынша екінші орында 26,8 млрд теңгемен Шымкент тұр. Жалпы аталған валютаны сатып алуға 95 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Америкалық валютаны ең аз сатып алған Түркістан облысы – 1,1 млрд теңге.
Еуро сату бойынша көшбасшы орында тағы да Алматы болып отыр. Осы қалада айырбастау пункттері аталған валютаны 14,4 млрд теңгеге сатқан. Екінші орында Нұр-Сұлтан – шамамен 5 млрд теңге. Ал, Түркістан облысында еуро небәрі 18,9 млн теңгеге сатылды.
Бір ай ішінде Ресей валютасын Шығыс Қазақстан облысында көп сатып алған. Осы өңірде оған 10,1 млрд теңге жұмсалған. Одан әрі Павлодар облысының тұрғындары 6,4 млрд теңгеге рубль сатып алды. Ресей валютасын ең аз сатып алған Шымкент – 161,8 млн теңге.
Юанға келетін болсақ, Ұлттық банктің мәліметі бойынша, аталған валютаны Алматы тұрғындары – 22 млн теңгеге және Нұр-Сұлтандықтар – 11,3 млн теңгеге сатып алған. Юанға Маңғыстау облысы тұрғындарының қызығушылығы аз — 100 мың теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024