Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы мерейтойы: Үздік логотип үшін - миллион теңге

Алматы мерейтойы: Үздік логотип үшін - миллион теңге
Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz - Алматы қаласы әкімдігі қаланың мың жылдық мерейтойына арналған логотип үшін байқау жариялайды. Ақпан айының 22 жұлдызына дейінгі аралықта қатысам деушілер өз жұмыстарын жібере алады. Жүлде қоры да қомақты - миллион теңге делінген хабарландыруда
Қабылданатын жұмыс санында шектеу жоқ. Байқаудың жүлде қоры - миллион теңге. Егер келіп түскен жұмыстар ұйымдастырушылардың көңілінен шықпаған жағдайда, жүлде ешкімге берілмейді. Байқауды Алматы қаласының комиссиясы қадағалап, шешім шығарады. Толығырақ мына жерден біле аласыздар.

Похожие материалы