Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы метрополитенінде жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеуге мүмкіндік туды

Алматы метрополитенінде жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеуге мүмкіндік туды

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz - "Метрополитен" ШЖҚ КМК, MasterCard халықаралық төлем жүйесі және «АТФБанк» АҚ қолдауымен инновациялық жоба қолданысқа енгізілді. Енді жолаушылар Алматы метрополитенінде жолақысын MasterCard® төлем жасаудың контактісіз технологиясы көмегімен төлей алады. Бұл туралы  «Метрополитен» КМК баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта метроның барлық 9 станциясындағы Метрополитеннің барлық 13 вестибюльінде жүк турникетінің сол бет тумбасы контактісіз ридермен жабдықталған. Турникеттен өткенде төлем карточкасынан Метрополитенде жүру тарифіне тең сома шегеріледі. Ол үшін контактісіз карточканы турникет тумбасында антенна бейнеленген сары шеңберге жақындату керек. Төлем банктік карточкалармен тауар және қызметке жасалған төлем сияқты жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз түрде жүргізіледі.

Контактісіз карточкаларды қабылдайтын жабдықты сатып алу, жеткізу, құрастыру және оларға сервистік қызмет көрсетуді, сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдерге эквайринг қызметтерін АТФБанк қамтамасыз етті. Жоба «Электрондық жүйелер» ААҚ және Uniteller процессингтік компаниясы секілді ресейлік технологиялық серіктестердің қолдауы арқасында мүмкін болып отыр. Атап айтқанда, Uniteller процессингтік компаниясы қалалық көлік жүйесіне арнап төлем шешімін әзірлеп, оны метрополитеннің қолданыстағы инфрақұрылымына ендірумен айналысты.

«Біздің банк бірнеше жыл бұрын карточкаларына контактісіз төлем жасау технологиясын енгізе бастады, қазір банк шығарған 90% карточкада контактісіз интерфейс бар. Дегенмен, контактісіз төлемдер ауқымын одан әрі арттыру үшін контактісіз карточкаларды қабылдайтын тиісті құрылғылары бар жабдықтарды орнату жұмыстарын жалғастыра түсу қажет. Осы тұрғыдан Алматы Метрополитенінде контактісіз төлемді іске қосу жобасына қатысу заманауи контактісіз қызмет көрсету технологиясын дамытуға қолдау көрсету ғана емес, сонымен қатар Алматы қаласы және қала қонақтары үшін қаланың барынша оңтайлы инфрақұрылымын жасауға қосқан үлес деп түсіну керек",-деді  «АТФБанк»АҚ Басқарма Мүшесі Дәурен Керейбаев.

Контактісіз технологиямен төлем жасау өте ыңғайлы. Карточканы кассирге беру керек емес: контактісіз терминалға бір рет жанастырсаңыз жеткілікті, ал 5000 теңгеге дейін сомада сауда жасағанда ПИН-кодты енгізу немесе чекке қол қою қажеттілігі жоқ.

Контактісіз төлемдерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де жасауға болады – 70 елде (соның ішінде Еуропада – 40 ел) 3 миллионнан астам сауда алаңдары MasterCard контактісіз технологиясымен төлемдер қабылдайды.

Осы инновациялық технологиямен және басқа да құрылғылар: ұялы телефон, стикер, қол сағаттары және т.б. көмегімен күнделікті саудаға және қызметтерге жылдам, қауіпсіз және ыңғайлы төлем жасай аласыз. Төлем жасайтын банктік чип әртүрлі тасымалдауыштарға орнатылуы мүмкін.

Похожие материалы