Алматы метросы ашылғалы бері 23 миллион жолаушыны тасымалдаған. Бұл жөнінде "Метрополитен" КМК баспасөз-қызметі хабарлайды. Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, Алматы метросында "Сайран" және "Мәскеу" бекеттері іске қосылған бір айдың ішінде жолаушылар ағыны тәулігіне 38 000 адамға жеткен. Баспасөз-қызметінде қазіргі таңда мекеменің бекеттерде әр уақытта болатын жолаушылар санын есептеумен айналысып жатқанын мәлімдеді. Яғни пойыздардың арақашықтығын азайту үшін талдау жасалып жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, "Сайран" және "Мәскеу" бекеттері 2015 жылдың 18 сәуірінде ашылған болатын. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы аудандардағы пәтерлер 10 пайызға қымбаттап кеткен. "Мәскеу" Абай даңғылында Өтеген батыр көшесі мен Алтынсарин даңғылының арасында орналасқан. Бекет 11 метр тереңдікте салынған. Вестибюльдергі кіру екі жер асты павильондары арқылы жүзеге асырылады. Одан бөлек, жақында "Сарыарқа" және "Достық" бекеттерінің құрылысы таныстырылды. Метро трассасы Абай даңғылымен өтіп, Алтынсарин даңғылынан батысқа қарай Яссауи көшесіне дейін созылады. Ал, 2017 жылы Алматы бірінші метро желісінің екіншісінің құрылысын бастау жоспарда бар. 2012 жылы Алматы метросының жолаушылар ағыны тәулігіне 16 мың адам болған еді. Ал, 2014 жылы ол көрсеткіш 25 мыңға жеткен. Алматы метросы 2011 жылдың 1 желтоқсанынан бастап іске қосылған. Алғашқы метро желісінде жеті бекет бар: "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "Мұхтар Әуезов атындағы драма театр" және "Алатау".Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024