Алматы. 20 қараша. 7kun.kz — Биыл Алматы облысында 525 мың тонна қант қызылшасын жинап, 52 мың тонна қант шығару жоспарланған. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов аймақтың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелеріне арналған брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Амандық Баталовтың айтуынша, облыста қант қызылшасының өнімділігі жыл сайын артып келеді, биыл көрсеткіш орташа гектардан 405 центнерді, жеке шаруашылықтарда - 600-800 центнерді құрайды.
«Осы жылы Ақсу қант зауытында жомды кептіруге және брикеттеуге арналған жабдықтар орнатылды. Жом – ірі қара малын семіртуде таптырмайтын азық. Ол малға тәулігіне 1,2 кг салмақ қосады. Сондықтан облыстағы бордақылау алаңдары үшін бұл қажетті өнім болмақ. Сол сияқты 2020 жылдан бастап Ақсу және Көксу қант зауыттары қант құрағы шикізатын өңдеуді бастайды, бұл 2023 жылға қарай 300 мың тонна ақ қант шығарып, елдің 485 мың тонналық сұранысының 60 процентінен астамын жабуға мүмкіндік береді, - деді Алматы облысының әкімі А. Баталов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024