Алматы. 30 қазан. 7kun.kz — Бас прокуратура Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын растады.
"Иә, оған қатысты (Манзоров) қылмыс оқиғасының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бас прокурор сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарына заңды бұзған адамдарға қатысты тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жіберді", – деді Мәжілістің отырысында Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.
Еске сала кетейік, Манзоровтың ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Оның 26 қыркүйекте ұсталғандығы туралы хабарланды. Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл фактіні растады.
Бағдат Манзоров қызметтік жағдайын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024