Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысы аумағында заңсыз аң аулаған екі алматылық ұсталды

Алматы облысы аумағында заңсыз аң аулаған екі алматылық ұсталды

Алматы. 25 қыркүйек. 7kun.kz — Алматы облысының  Жамбыл және Қарасай аудандарының табиғат қорғау инспекторлары жергілікті табиғат қорғау органдарымен бірлесіп өткізген іс-шара барысында Жамбыл ауданының аумағында елікті заңсыз атып алған екі азаматты ұстады. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 24 қыркүйекте Қарақастек шатқалының маңында Тойота автокөлігінен атып алуға рұқсат етілген құжаттары жоқ аңның еті табылған. Көлік иесі 39 жастағы Алматы қаласының тұрғыны заңсыз елік атқанын мойындады. Сондай-ақ, автокөліктен тиісті құжаттары бар ойық ұңғылы және тегіс ұңғылы екі мылтық табылды. Аң еті мен мылтықтар тәркіленді.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Еліктің еті сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген материалдық шығын есептелуде»,- деп атап өтті Алматы облысы ПД Табиғат қорғау инспекторы полиция капитаны Бағлан Рымжанов.

Жалпы, 2019 жылы Алматы облысының тәртіп сақшылары табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзудың 861 дерегін анықтаған. Оның 341 дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жауапты тұлғалардың жауапкершілігі қаралған.

Похожие материалы