Бүгін Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі Алматы облысы бойынша таңдаушылардың бірлескен отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша Жанболат Жөргенбаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. 62 жастағы "су жаңа" сенатор бұған дейін Алматы облысы мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келген еді.
Жанболат Жөргенбаев 1960 жылы 26 қазанда Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында дүниеге келген. 1987 жылы В.И. Ленин атындағы Қазах Политехникалық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша, 1987 жылы мемлекеттік агроөнеркәсіп кешенінің бас қызметкерлерін дайындайтын Бүкілодақтық институтын, 1997 жылы Д.А.Қонаев атындағы мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1978 жылы Қарқара кеңшарында жұмысшы ретінде бастаған. 1978-1992 жылдары Талғар ауданы Алматы мал бордақылау кеңшарының инженері, жылутехнигі, ауылшаруашылық дақылдарын өсіру бригадирі, аға инженер. 1992-1993 жылдары «Дулат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары. 1993-1998 жылдары Киров ауылдық кеңесі төрағасының орынбасары, Киров ауылдық округінің әкімі. 1998-1999 жылдары Алматы облысы Талдықорған ауданы әкімінің орынбасары. 1999-2001 жылдары Қапшағай қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 2001-2003 жылдары Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы әкімінің орынбасары. 2003-2005 жылдары Консорциум «Идиль-Ақсу» ЖШС-ң жоба жетекшісі. 2005-2006 жылдары «Ақсу» АҚ вице-президенті. 2006-2009 жылдары «Ақсу» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2009-2019 жылдары «Қарасай Құрылыс» ЖШС Бас директоры қызметін атқарған.
2019-2021 жылдары «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2021 жылдың 15 қантарынан Алматы облыстық мәслихатының депутаты.
«Құрмет» орденінің иегері, әртүрлі жылдары «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Талғар, Қарасай, Райымбек аудандарының «Құрметті азаматы». Қазақстан Республикасының «Құрметті құрылысшысы».
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024