Алматы облысына 2011-2015 жылдары өзін-өзі жұмыспен қамту үшін 5 млрд теңге бөлінген
Алматы. 27 қараша. 7kun.kz - Алматы облысында өзін-өзі жұмыспен қамту үшін 2011-2015 жылдары 5 млрд 262 млн теңге бөлінген. Бұл туралы өңір басшысы Амандық Баталовтың төрағалық етуімен өткен әкімдік мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жиында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтылды. Аталмыш бағдарламаның бірінші бағыты "Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету" шеңберінде Алматы облысында 261 жобаны жүзеге асыруға 17 млрд 500 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, 5 мың 165 жұмыс орны құрылған, оның ішінде 2 мың 632 (51%) жұмыссыз азамат, жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылған.
Екінші бағыт бойынша 5 млрд 262 млн теңге бөлініп, оның ішінде 5 млрд 214 млн теңге шағын несиелеуге, 47 млн 800 мың теңге кәсіпкерлік негіздерін оқытуға бағытталған.
Осы жылдары шағын несиемен 2 мың 498 адам қамтылып, өз ісін ашып кеңейткен, оның ішінде 687 адам 18 несиелік серіктестіктер арқылы несие алған. «Шағын несиенің негізгі бөлігі (83,5%) ауыл шаруашылығына бағытталса, қалған бөлігі қызмет көрсету (9,6%) және өнеркәсіп саласына, яғни құрылыс материалдарын өндіру, жиһаз жасау, киім, көрпе тігу цехтарын ашуға (6,9%) берілді. Ал, осы жылы шағын несие беруге 1 млрд. 313 млн.теңге қарастырылды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 13 есеге артық (100 млн теңге) болды. 2015 жылдың 1 қарашасына 609 адамға 1 млрд 342 млн теңге несие берілді, оның 188 млн 700 мың теңгесі қайтарылған сома есебінен болды, - деді жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Бигелдиев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024