Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы Алматы облысына туризмнен 8,3 млрд теңге табыс түсті

2017 жылы Алматы облысына туризмнен 8,3 млрд теңге табыс түсті
Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz - Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Үшарал қаласындағы жаңа әуежайдың қызметімен және облыстың шағын авиация саласын дамыту перспективаларымен танысты деп хабарлайды облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі.  Алакөл ауданының Ақши кенті стансасындағы темір жол вокзалының жаңа ғимаратын аралап көрген соң, президенттің төрағалығымен Қазақстандағы туризм саласын және көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Кеңесте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысындағы туризмнің даму барысы жөнінде баяндады. "Соңғы төрт жылда облыста туристік қызмет көрсету көлемі екі есе артты. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 3,9 миллиард теңгені құраса, 2017 жылы 8,3 миллиард теңгеге өсті. 2018 жылы мұны 10 миллиард теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Алакөл ауданында көрсетілген қызмет көлемі 2017 жылы 3,5 миллиард теңгеге жетіп, 2014 жылғы деңгеймен салыстырғанда 8 есе артты", – деді Алматы облысының әкімі. Кеңес қорытындысы бойынша және туристік кластер нысандарын аралағаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның туризм саласын одан әрі дамыту үшін орталық мемлекеттік және жергілікті ақтарушы органдарға бірқатар тапсырма берді. "Алакөл Қазақстан бойынша ең көп демалушы баратын жерге айналуы керек. Ол ыңғайлы жерде орналасуымен ерекшеленіп, барлық өңірдің тұрғындары үшін қолжетімді болып отыр. Көлдің бірегейлігі суының емдік қасиетіне байланысты. Оның құрамында радон, сілті және басқа да пайдалы элементтер бар. Осыған байланысты Алакөл еліміздің туризм саласы үшін өте маңызды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Похожие материалы